Жеке фирмалық нүктелерді ашу бізге сатып алушыларға қызмет көрсеткенде сервиске мейлінше көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Күнделікті біздің мамандарымыз барлық фирмалық сауда нүктелерінде сақтау шарттары мен сатуды бақылап отырады. Мұнда біздің өніміміздің жай дүкенге қарағанда ең жақсы ассортимент ұсынылған.

  • Мұнда шұжық өнімдерінің барлық түрлері ұсынылған: пісірілген және ысталған шұжықтар, сервелаттар, салями, шикідей-, пісірілген-ысталған және пеште еттен пісірілген жеңсік астар, сонымен қатар сосискілер, сарделькілер мен шала фабрикаттар. Мұндай көп түрлі өнімнен бірден таңғы ас, түскі және кешкі асқа да азық-түлік сатып алуға болады.

Біздің сатушымыз Сізге сөреге қойылған шұжықтардың барлық түріне қатысты оңай кеңес бере алады, жеңсік өнімді таңдауға көмектесе алады. Бұл мәселе бойынша ірі супермаркеттерде көп көңіл бөлінбейтіні белгілі, сондықтан біз өзіміздің сатып алушыларымызға біздің фирмалық дүкендерімізде сауда жасауға кеңес береміз.

Мұнда біз тұрақты түрде біздің жаңа өнімдеріміздің дәмін татулар ұйымдастырамыз, барлық сатып алушыларды кәсіпорынның жаңа өнімдерімен таныстырамыз, түрлі жарнамалық акциялар өткіземіз. Біздің жарқын, көзге көрінетін және жақсы рәсімделген сөрелеріміз Сізге "Первомайские Деликатесы" сауда нүктесін басқа шұжық өнімдерін өндірушімен шатастырып алуға мүмкіндік бермейді.

Бүгінгі таңда Алматыда Сіз үшін отыздан артық фирмалық сауда нүктелері жұмыс істейді. Біздің сауда желісін дамыту бойынша департаментіміз жақын арада сатып алушыларына ыңғайлы болу үшін тағы бірнеше жеке дүкендер ашуды жоспарлауда.