Біздің кредомыз – әзірлеудің дәстүрлерін аялап сақтай отырып, тек жоғары сапалы өнім шығару. Біз үлкен көлем қумаймыз, біз жергілікті шикізатпен жұмыс істейміз, біз жай ғана сатып алушылардың сеніміне ие болдық.

  • Шұжықтар мен шұжық өнімдері – бәрі жақсы көретін өнім. Бірде-бір мерекелік дастархан оның түрлі сұрыптарынан туралған тіліктерсіз жайылмайды. Көбісі шұжықты жолға және табиғатқа шыққанда алады, әлдекім өзінің таңғы асын балғын етті сарделькі немесе сосискісіз елестете алмайды.

• Төмен бағалы шұжық сатып алмаңыз (мысалы, 1 кг "Докторлық" кем дегенде 1500 тг тұруы тиіс).

• Сертификаты бар және үлдір мен орамда өзінің байланыстарын қалдыратын өндірушілердің шұжығын ғана сатып алыңыз.

• Шұжықты ірі бөлшек желілерден және фирмалық дүкендерден алыңыз – бұл сапаның кепілі.

• Шұжықтың тауарлық түрін бағалаңыз: оның құрылымы тығыз, біртекті, сұр дақтар мен қуыстарсыз (кесіндіде) болуы, ал өнімнің өзінің иісі жағымды болуы тиіс.

• Тек МемСТ немесе ҚРСТ сәйкес өндірілген белгілі таңбаларды ғана таңдаңыз.

• Үлдір мен сақтау мерзіміне көңіл бөліңіз. Жаңа өнімдердің дәмін татып отырыңыз.

• Орамды қараңыз: құрамдастар өнімдегі кему тәртібіне қарай көрсетіледі.

• Міндетті түрде тауарлық чекті талап етіңіз – Сіз ылғи сатып алған сапасыз тауарды қайтара немесе ауыстыра аласыз.