Күнделікті, таң сәріден кешке дейін алып шаһардың сауда нүктелеріне жаңа шыққан өнім жеткізіледі.

Біздің компаниямызда жеткізудің сенімді қызметі жұмыс істейді, онда тәжірибелі экспедитор-жүргізушілер мен жеке автомәшинелер паркі бар. Ет өнімдері туралы әңгіме қозғалғанда, шұғыл логистиканың маңызы зор, өйткені біздің өніміміздің соңғы тұтынушының дастарханына қаншалықты балғын болып түсетіні жеткізілімдердің жылдамдығы мен ырғағына, сонымен қатар қатаң санитарлық нормалардың ұстанылуына байланысты ғой.

  • Қажетті температураны ұстау мен өнімнің сақталуы – сатып алушылар үшін өнімді табысты жеткізу кепілі. Біз Mitsubishi, Hyundai, Mercedes ең жаңа рефрижераторларының пайдасына таңдауымызды жасадық.

Жеткізуден басқа, "Первомайские деликатесы" СБ өнімін екі тәсілмен алуға болады:

• күннің кез келген уақытында зауыт қоймасына келіп, өзіңізге қалаған ассортиментті жеке таңдап алуға болады;

• біздің менеджерлеріміз арқылы алдын ала өтінім жасап, өз қоймасы немесе дүкенде келісілген уақытта өнімді алуға болады;

• телефон арқылы алдын ала тапсырыс жасап, одан Сіз үшін қолайлы уақытта өндіріс қоймасында алуға болады.