Бақыт көп жағдайда толық бола бермейді. Бірдеңе міндетті түрде жетпейді. Мысалы, кезексіз арзан шұжық.

Ежелгі Грекияда кішкентай шұжықтар мен салма салынған шошқаның асқазаны тойларда тіскебасар болып қызмет етті. Ежелгі Римде пісірілген шұжықтар, кішкентай ысталған шұжықтар, сақиналы және тізбектелген шошқа шұжықтары белгілі болды. Өткен мыңжылдықтың орта ғасырларында шұжық өнімдері сүйікті ас болған.

  • Шұжық өнімдері – тұз, дәмдеуіштер мен қоспалар қосылған, қабықты немесе қабықсыз, тұтынуға дайын болғанша жылумен өңделген ет фаршынан әзірленген өте қоректі тағам өнімдері.

Шұжық өнімдері пісірілген (соның ішінде сосискілер мен сарделькалар), шала ысталған, ысталған, ысталып-пісірілген, ливерлік, зельцтер мен іркілдектер болып бөлектенеді. Шикізат болып майсыз сиыр еті, шошқа еті, шпик, сирек қой еті және құс еті қызмет етеді.

Әдеттегі қоректенетін тамағы жылқы еті болып табылатын аудандарда шұжық жылқы етінен жасалады. Шұжықтардың дәмдік құндылықтарын қант, дәмдеуіш, татымдылық қосып та жасқартуға болады. Еттің қызыл түсін сақтау мақсатында натрий нитритінің әлсіз ерітіндісі енгізіледі.

Шұжық өнімдеріне белгілі пішім беріп, зиян сыртқы әсерлерден қорғау үшін ішекті және жасанды үлдірлер қолданылады. Біздің кәсіпорынымызда тағамдық қауіпсіздіктің барлық нормаларын ұстану үшін арнайы қорғаныс полиэтилен үлдірі пайдаланылады.