Шұжықтарды әзірлеу үшін ет сүйектен сылынып, ішінен тамыр, сіңір, май алып тасталып, кесектеп туралып, тұздалады.

Тұздалған ет ұсақтап туралып, шпик кесектері мен басқа құрамдастармен араластырылады. Сойылған малдың тағамдық қанын қан шұжықтарын өңдегенде қолданады. Шұжық фаршын толыққанды ақуызбен байыту үшін оған майлы және майсыз сүт, сүт ақуызы, жұмыртқа қосылады. Фаршқа толған шұжық қапшықтары жіппен бауланып, асып тұрғызылады (фарштың тұнуы).

  • Кәсіпорнымыз дайын өнімнің тұрақты сапасына, жоғары өнімділікке, сенімділікке, сонымен қатар адамдар үшін пайдалану қауіпсіздігіне кепіл беретін жоғары технологиялы неміс жабдығымен жабдықталған.

Пісірілген және шала ысталған шұжықтар тұнған соң қуырылады (ыстықтай ыстау), пісіріледі және салқындатылады. Шала ысталған шұжықтар одан кейін қосымша ысталады. Шикі түрде ысталған шұжықтар пісірілмей, тұнған соң ысталып, кептіріледі. Ысталып-пісірілген өнімдер ысталған соң пісіріліп, салқындатылады. Ысталған жеңсік асты әзірлегенде тұздалған ет кесектері суға салынып, ысталады және кептіріледі. Ет өнімдерін өндіру тек отандық салқындатылған шикізатқа негізделеді.

Біз меншік фермерлік шаруашылықтың ет шикізатын пайдаланудан басқа, үнемі Қазақстанның әртүрлі аумақтарының ең жақсы жөнелтушілерінен санаты жоғары ірі қара мал мен шошқа етін таңдап, сатып аламыз. Компанияның жоспары – ІҚМ санын төрт есе, өндірістік қуатты ең азы екі есе көбейту.

Біз өнімімізді өндіру үшін генетикалық түрлендірілген шикізатты пайдаланбаймыз. "Первомайские деликатесы" сауда белгісіндегі бүкіл өнім тұтынушылар үшін толық қауіпсіз. Біздің міндетіміз – Қазақстан халқын отанымызда өндірілген сапалы ет өнімімен қамтамасыз ету.