"Первомайские Деликатесы" футбол командасы – Алматы қ. мини-футбол бойынша МФЛ чемпионы.

Біз спортты жақсы көреміз, футбол десе ішкен асымызды жерге қоямыз! Бізде меншік футбол өрісі бар, мұнда жұмыстан кейін жиналып, денсаулыққа пайдалы жаттығулар жасаймыз. “Первомайские деликатесы” командасында танымал қазақстандық футзалшы, Қазақстан құрамасының экс-ойыншы Александр Бондарев ойнайды. Төменде команда жаттығушысы "ProSport" журналына берген сұхбатын келтіреміз.

  • Алдымен ойындарды компанияның бөлімдері арасында жүргіздік, көңіл көтеру үшін ойнадық, одан кейін ең жақсы ойыншылардан команда қалыптасты. Біз компаниямызда мұндай тамаша және спортты адамдар жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз!

«Первомайские деликатесы» футбол командасының жаттықтырушысы Бочарников Николай Николаевич болып табылады, ол ҚБТУ-де (Қазақстандық-Британдық Техникалық Университет) дене шынықтырудан оқытушы. Николай «Первомайские деликатесы» командасы мен командалық рухы туралы хабарлады.

- Команданы қалай жинадыңыз?
- Команданы менің алдымда мердігеріміз Бажанов Ерлан Қадырқұлұлы ұйымдастырды. «С» лигасында оайнай бастадық, одан кейін «В» лигасына шықтық және Алматы қ. МФЛ «А» лигасына түсу тапсырмасы қойылды. Команданың жаттықтырушысы болмады, оны басқаруға маған ұсыныс келіп, мен бірден келістім. Бұл екі жыл бұрын болды.
- Жаттықтырушы мансабыңыз қалай басталғанын айтсаңыз?
- 1999 ж. мен КазГАСТ (дене шынықтыру институты) аяқтап, жаттықтырушы білімін алдым. «Нархозда» оқытушы болып жұмыс істегенде мини-футбол бойынша студенттер құрамын жаттықтыра бастағанмын. Менің жетістіктерімді біліп, Қазақстан-британ техникалық университеті оқытуға шақырды, мұнда қазіргі күнге дейін жұмыс істеймін. Мұнда да құрама команда құрып, тек жоғары оқу мекемелері арасында ғана емес, мини-футбол бойынша қалалық жарыстарға да қатыстық. 2009 ж. көктемде Матлабов Шухрат маған қоңырау шалды – ол сол кезде «Первомайские деликатесы» командасында болып, жетекшінің өтінішімен мені жаттықтырушы лауазымына шақырды.
- «Бастапқы» кезеңде қандай қиыншылықтар болды?

- Маған команданың мақсат қо білгіштігі ұнады. Олар ұрысқа қабілетті ұжым ұйымдастырып, жоғары нәтижеге жету тапсырмасы қойды. Менде командамен бірден сенімді қарым-қатынас орнады, бұл маңызы зор фактор болып табылады, олар менің талабымды түсініп, мен командамызға не керектігін көрдім. Мұның бәрі біздің жетекшілерімізбен, команда бастығымен қолданды, олар ойыншыларды таңдағанда, ойын тактикасында және т.б. карт-бланш толық берді. Мен ойынды қайта құрып, агрессивті ойнай бастадық және ЛЛФ «В» лигасын мерзімінен ерте жеңдік.
- Команда чемпион болуы үшін қандай жолдан өткенін айтсаңыз?
- Алдымен «А» лигасында әрине, қиын болды – командалар мен ойыншылардың деңгейі жоғары. Онда өздерінің көшбасшылары болды – чемпион болуға талаптанған 5-6 команда. Бірақ біз лайықты өнер көрсеттік және 2009 ж. күзде 8 орынға ие болдық және әлі көктемде «В» лигасында ойнағанымызды есепке алсақ, бұл үлкен тәжірибе. Келесі көктемде көбінесе сәтті ойнадық. Командамыз 5 орын алды. Біз үшін бұл жетістік болды, өйткені біз фаворит болып есептелген командалардың да алдына шықтық. Жүлделі үштікке дейін біраз ғана қалды. Команда күшейтуді қажет ететіні анық болды. Бірақ келесі маусымда өз құрамымызбен ойнауды шештік, қорытындысы – 7 орын. Біздің басшылығымыз қалай болса да турнирді жеңу керек деп шешті.

Және осы қыста Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өткен Алматы қ. футзал бойынша чемпионатында әйгілі ойыншы Рамиль Юсуповпен күшейдік, ол айтпақшы әлем чемпионатында ойнаған. Команда батыл ойнай бастады. Біз «Реком», «Транссистема» сияқты командаларды жеңіп алдық. Бірақ «СКА» және «Энегроколледжге» ұтылған 2 ойын чемпиондыққа үмітімізді үзді. Жинап келгенде 4 орын алдық, бұл біз үшін жаман нәтиже емес деп те саналды. Маусым басталып жатқан – «А» лигасының 2011 көктемі. Бұл кезде «Транссистема» командасы тарағанын, осы команданың 2 ойншысы бізге ауысатынын білдік. Бұл Шаяхметов Дилмурат және Александр Бондарев (халықаралық класты спорт шебері). Енді бізде чемпионға айналған команда құрамасы пайда болды.
- Неге олар дәл сіздің командаңызды таңдады?
- Оларды көп командаға шақырды, бірақ біздің ойыншыларымызбен достық қарым-қатынас және бізді жетекшілеріміз қамтамасыз ететін тұрақтылық олардың таңдауына сенім артты. Үнемі жаттығулар, ұйымшыл ұжым, барлық жарысқа қатысу, материалды тұрақтылық – мұның бәрі біздің «Первомайские деликатесы» командамызда бар. Біз 8 ойыннан соң көшбасшы болып, чемпионат аяқталуына дейін 2 тур қалғанда өзімізге 1 орынды қамтамасыз еттік! Марапаттау күні – 25 маусымда отбасымда қуанышты жағдай болғанын – ұлым туғанын айта кеткім келеді!