Жетекші мамандардың біліктілігін арттыруға біз ерекше назар аударамыз.

Біздің қызметкерлеріміз еуропалық және ресейлік ғылыми орталықтарда кезеңдеп тағылымдама мен оқудан өтеді. Алған дағды мен білім Қазақстан нарығына шұжықтар мен жеңсік астың жаңа түрлерін үнемі шығаруға, сапасы мен дәмі ең жақсы өнімді өндіруге мүмкіндік береді. Мұны өніміміздің қатардағы сатып алушылары, сонымен қатар оңтүстік астананың әйгілі сыра барлары мен мейрамханалары лайықты бағалады.

  • Ең ірі ресейлік және еуропалық ет комбинаттарынан мамандарды кәсіпорынымызға тәжірибемен алмасу бағдарламасы бойынша шақырып тұрамыз.

"Первомайские Деликатесы" саудалық белгісімен басқа отандық өндірушілерде кездеспейтін келесідей бірегей шұжық өнімдері сәтті шығарыла бастады: "Флоренциялық, "Веналық", "Пепперони" шикі ысталған шұжығы, "Милан" сосискілері, "Кәуапты" және т.б.

Біздің кәсіби жауапкершілігіміз, өндіріс сапасын үнемі бақылау, санитарлық нормалар мен өндіріс технологиясын қатаң ұстану сапасы жоғары, бесекеге қабілетті өнім өндіруге ықпал етеді.

Республиканың ең жақсы жөнелтушілердің шетелмен ынтымақтасу, Еуропа технологиясының тәжірибесімен алмасу, Германия мен Италияның замануи жабдығы біздің өнімімізге шетелдік өндірушілерден қалмауға мүмкіндік береді.